Қорғалжын ауданының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасу кездесуі туралы ақпараты
30.09.2026
2026 жылғы 30 қыркүйек, сәрсенбі күні сағат 10:00-де «Жұлдыз» балабақшасында Қорғалжын ауданының өкілдері мен Целиноград ауданы бойынша 6 шағын орталықтың қатысуымен тәжірибе алмасу кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлері арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту, өзара тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және алдағы бірлескен жұмыстарды жоспарлау.
Күн тәртібі: Танысу және өзара тәжірибе алмасу.
Қатысушылар өздерін таныстырып, кәсіби қызметінің негізгі бағыттары мен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасудың негізгі бағыттары мен алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктері айқындалды.
Әдіскер: С. Тасыбай