CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
01.09.2026
Ұстаздардың биылғы дәстүрлі жиыны «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбына арналды. Бұл тақырып – білім мен тәрбиенің, ұстаз еңбегінің және жас ұрпақтың болашағының маңыздылығын айқындайтын өзекті құндылықтар.
«Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын» болары айдан анық. Ұлы Абай өзінің 38-қара сөзінде адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын атап өткен. Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыратын тұлға.
Құрметті ұстаздар!
Сіздер білімді, ойлай білетін, прогрессивті және патриоттық рухы жоғары жас ұрпақты тәрбиелеуге орасан зор үлес қосып келесіздер. Осы арқылы бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға атсалысып, еліміздің жарқын болашағына қызмет етіп келесіздер.
Жаңа оқу жылында баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби биіктер және толағай жетістіктер тілеймін! Ұстаз еңбегі әрдайым абырой мен құрметке бөлене берсін!
Білім күні құтты болсын!
Жаңа оқу жылы Жалғызқұдық ауылының жалпы білім беретін мектебіне жемісті де табысты болсын!
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері С.К. Тасыбай