CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
20.08.2026
2026 жылғы 19 тамызда Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі базасында облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен шағын жинақты мектеп директорларына арналған облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.
Іс-шара «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында Қазақстан қоры негізінде жабдықталатын ресурстық орталықта ұйымдастырылды.
Секция барысында Жаңа халықтық Конституцияда айқындалған білім, адами капиталды дамыту және қоғамның құндылықтық негіздерін нығайту қағидаттарының білім беру жүйесіндегі маңызы талқыланды. Сонымен қатар шағын жинақты мектептердің әлеуетін арттыру, білім сапасын жақсарту, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және ресурстық орталық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бойынша практикалық кейстер қарастырылып, нақты басқару шешімдері мен ұсынымдар ұсынылды.