"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ/ МОДО) қорытындысы

18.03.2026

Қайырлы күн құрметті әріптестер!

 

2024-2025 оқу жылында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ/ МОДО) қорытындысы

2024-2025 оқу жылында аудан бойынша МОДО-ға 9 мектеп: Қараөткел ауылының ІТ МЛ, Ақмол ауылының МГ, Талапкер ауылының ІТ МЛ, Талапкер ауылының МГ, Жаңа Жайнақ, Мәншүк, Қаражар, Р. Қошқарбаев және Ынтымақ ауылдарының жалпы орта білім беретін мектептері қатысты.

1-слайд.

Талдаудың қорытындысы бойынша:

Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі 2025 жылғы сынама тестілеу нәтижелерін талдай отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша бірнеше маңызды қорытындыға келді. Талдау көрсеткендей, келесі мәселелер бойынша жұмыс жүргізуді талап етеді.

Ұсыныс

  • Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық пәндерінің мазмұнына, білім алушылардың даярлық деңгейін күшейту;
  • 2Оқушылардың аналитикалық қабілеттерін, салыстыру, мәліметтердің сәйкестігін табу қабілеттерін дамыту.
  • 3Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, ұсынылған ақпараттағы негізгі ойды бөлектеу қабілетін дамыту.
  • 4Қосымша сабақтарда сабақтың ең күрделі тақырыптарын қарастыру, бұрын зерттелген тақырыптарды схемалар, кластерлер түрінде қайталау жұмыстары тапсырылды

 

2 - слайд: 2024-2025 оқу жылында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ/ МОДО) өткізу барысы

Аудан бойынша анықталған мектептер саны 9. Аталған мектептер МОДО-ға толықтай 100 пайыз дайындық жүрді, академиялық адалдық сақталды. Бүгінгі күні 20 мектеп тізімде тұр. EdyKey, ЦПИ, Тесттер.кз, Амансұлтан білім платформаларымен дайындалып, уақытылы сынама тест тапсырмаларымен жұмыс жасалуда. Әр сынама тест қорытындысы негізінде мектептерде талдау жүргізіліп, қиындық тудыртқан пәндер бойынша жұмыстар жүргізіледі.

          Мектеп мұғалімдеріне ұсыныс:

  1. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мақсатында деректерді салыстыру, себеп-салдар байланысын анықтау және қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен жаттығуларды жүйелі түрде енгізу.
  2. 9 сынып мұғалімдеріне «Заманауи әдістер арқылы білім берудің тиімділігін арттыру», жетекші мектептердің жұмыс жоспарына сәйкес «Бірлескен жоспарды жүзеге асыру үдерісі» тақырыбында семинар, шебер сыныптар өткізу жоспарлануда.

 

3 - слайд

Ата-аналармен жұмыс:

Ата-аналарды ББЖМ 2025 ережелерімен таныстыру мақсатында ақпан айының              6 күні тапсыратын оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасын анықтау мақсатында ситуациялық жағдайлар беріліп, ата-аналар өз ойларын ортаға салды.

 

Қорытынды және ұсыныстар:

  1. ББЖМ құралдарын пайдалана отырып, 8,9-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін қалыптастыру жұмыстары жақсы деңгейде жүргізілуде.
  2. Педагогтар білім алушылардың тренажерлармен  жұмысын бақылауды күшейтсін.

 

4 -слайд

Іс-шаралардың мақсаты:

  1. Білім беру сапасын арттыру — мақсатты мектептерде оқыту деңгейін жоғарылату, оқу бағдарламаларын жаңарту, педагогикалық әдістерді жетілдіру.
  2. Педагогтардың кәсіби дамуын қолдау — мұғалімдердің әдістемелік дағдыларын жетілдіру, жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды енгізу.
  3. Инновациялық білім беру технологияларын енгізу — мақсатты мектептерде жаңа білім беру әдістері мен құралдарын пайдалану.
  4. Мұғалімдер мен әдіскерлер арасында тәжірибе алмасу — педагогикалық тәжірибелерді, әдістемелік жұмысты, оқу үдерісін талқылау.
  5. Оқу бағдарламаларын жетілдіру — мектептердің ерекшеліктеріне сәйкес оқу жоспарын бейімдеу, жеке қажеттіліктерді ескеру.

 

Іс-шаралардың нысандары:

Әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер, мұғалімдерге арналған тренингтер мен мастер-класстар, консультативтік кездесулер, Мониторинг және бағалау.

 

2024-2025 оқу жылында Целиноград аудандық білім бөлімінің әдіскерлерімен және жалпы орта білім беретін мектептерімен бірлесіп жоба аясында атқарылған жұмыстарының сілтемелері.

 

https://www.instagram.com/p/DAFqQUmtV-f/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

https://www.instagram.com/p/DA2kfnZtynS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Бұл жұмыстар мектептердегі білім беру сапасын көтеруге, педагогикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға және инновациялық әдістерді енгізуге ықпал ететіне сенемін.

С. Тасыбай әдістемелік кабинет әдіскері

Просмотров: 179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст