Математикалық регата
17.03.2026
2026 жылдың 17 наурыз күні «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті Қараөткел ауылы мектеп-гимназиясының базасында бастауыш сынып мұғалімдер арасындағы республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңін өткізді.
Олимпиада 4 кезеңнен тұрды және Целинорад ауданы бойынша 55 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарға ие болғандар:
Облыстық кезеңге жолдама алған «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Сарыкөл ауылының негізгі орта білім беретін мектебі" бастауыш сынып мұғалімі Халакова Айгул Адайбековна;
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қабанбай батыр ауылының мектеп-лицейі» бастауыш сынып мұғалімі Шевчук Светлана Владимировна;
Қатысушылар II және III орындармен және сертификаттармен марапатталды.
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!