CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
17.03.2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
2025-2026 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
Ішкі және сыртқы бағалауды өткізу ерекшеліктері 105 бет
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТҚЫ БАҒАЛАУ Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) – бұл оқу жетістіктерінің МЖМБС талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында білім беру ұйымдарынан тәуелсіз түрде өткізілетін сыртқы мониторинг. Мақсаты – бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейлерінде білім сапасын арттыру бойынша шешімдер қабылдау үшін объективті деректер алу. ББЖМ аясында тестілеу ұйымдастырылып, өткізіледі, нәтижелерге өңдеу мен талдау жүргізіледі, осылардың негізінде білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін әдістемелік қолдау көрсетіліп, ұсынымдар әзірленеді.
ББЖМ ҚР «Білім туралы» Заңына және ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады. Өткізу мерзімі. ББЖМ 2026 жылдың сәуір айында еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай форматта бекітілген кесте бойынша өткізу жоспарланып отыр. Өткізу мерзімдері туралы ақпарат бұйрықпен бекітіліп, білім беру ұйымдарына алдын ала хабарланады. Бағаланатын бағыттар. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы келесі үш бағыт бойынша бағаланады: • оқу сауаттылығы; • математикалық сауаттылық; • жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Тест мазмұны мектеп бағдарламалары негізінде әзірленген және халықаралық зерттеулердің талаптарын ескере отырып бейімделген. Өткізу форматы. ББЖМ онлайн режимде компьютерлік форматта өткізіледі. Білім алушылар тестілеуді мектептердің компьютерлік сыныптарында жеке компьютерде интернетке қосыла отырып орындайды. Тестілеуді қағаз форматында өткізу көзделмеген.
Процесті ұйымдастыру Қатысушылар: еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген мектептердің 4 және 9-сынып білім алушылары қатысады, жалпы білім беретін мектептердің шамамен 25%-ы қамтылады. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу үшін жауапты мектеп үйлестірушісі ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалады. Тест әкімшілері ретінде пән мұғалімдері болып табылмайтын мектеп қызметкерлері (мысалы, психологтер, кітапханашылар) тағайындалады. Тест әкімшілері тестілеу рәсімдерінің сақталуын және деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. Сыртқы тәуелсіз бақылаушылар тестілеу кезінде аудиторияларды аралап, рәсімдердің сақталуын бақылайды, бұзушылықтарды тіркейді және есептік құжаттар жасайды. Олар мониторинг процесінің ашықтығын және академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету. Үйлестірушілерге, әкімшілерге және IT-мамандарға арналған оқыту вебинарлары Zoom немесе Microsoft Teams платформаларында өткізіледі, онда барлық қатысушының рөлдері мен міндеттері түсіндіріледі.
Әдістемелік материалдар алдын ала ұсынылады. Тестілеу барысында қатаң түрде тыйым салынады: • ұялы телефондарды, смарт құрылғыларды және басқа да электрондық гаджеттерді пайдалану; • көмекші материалдарды (шпаргалкалар, формулалар, оқулықтар) алып кіру; • тест мазмұнын жариялау, көшіру, суретке түсіру және тапсырмаларды тарату; • ресми өкілеттігі жоқ бөгде адамдардың аудиторияда болуы. Ереже бұзушылықтар анықталған жағдайда қатысушыны аудиториядан шығару, нәтижелерін жою және акт жасау сияқты тиісті шаралар қолданылады. Білім алушылар тестілеу барысында және одан кейін де тапсырмалар туралы ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілерде таратуға жол берілмейтіні туралы алдын ала хабардар етіледі.
ББЖМ нәтижелері тек диагностикалық мақсатта жүргізіледі, білім алушылардың аттестациясына және мектептердің рейтингіне әсер етпейді. Бұл нәтижелер білім беру жүйесінің жағдайына талдау жасау, проблемалық аймақтарды анықтау және оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қолданылады. Әр мектепке өз білім алушыларының және жалпыұлттық мәліметтердің нәтижелері көрсетілген диагностикалық есеп ұсынылады. Ескерту: ББЖМ қорытындыларын шығару кезінде сенімсіз және қалыптан тыс жоғары нәтижелерді анықтау үшін деректерге кешенді талдау жүргізіледі. Академиялық адалдықты бұзу күдігі туындаған жағдайда мұндай деректер қоры-тынды есептерден алынып тасталады. Қорытынды есепте тек объективті түрде алынған нәтижелер ескеріледі.
ББЖМ нәтижесінде анықталған білім алушылардың типтік қиындықтары: Оқу сауаттылығы бойынша 4 және 9-сынып білім алушылары арасында ортақ үрдіс байқалады: тапсырма күрделілігінің деңгейі артқан сайын оны орындау пайызы төмендейді. 4-сынып білім алушылары әртүрлі типтегі мәтіндерді тақырыбы, құрылымы мен тілдік құралдары бойынша салыстыруда қиындықтарға кезігеді. 9-сынып білім алушылары үшін ең күрделісі – стильдік және жанрлық ерекшеліктерді талдау, авторлық ұстанымды түсіну, сондай-ақ көркемдік бейнелеу құралдарын (ирония, әсірелеу, астарлау және т.б.) қолдану. Математикалық сауаттылық бойынша бастауыш және негізгі орта білім деңгейлерінде оқу бағдарламасының меңгерілуі күрделі бөлімдері арасында сабақтастық байқалады. Атап айтқанда, еліміздің 4-сынып білім алушылары «Математикалық модельдеу», «Жиындар, логика элементтері» және «Геометрия элементтері» бөлімдерін оқуда айтарлықтай қиындықтарға тап болуда. Ал 9-сыныптарда соңғы үш жыл ішінде «Геометрия», «Математикалық модельдеу және талдау», сондай-ақ «Статистика және ықтималдықтар теориясы» бөлімдерін меңгеру деңгейі жеткіліксіз болып отыр. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 4 және 9-сынып білім алушыларының кей бөлімдерді меңгеруі қиын.
Бұл жағдай мазмұндық сабақтастықтың бар екенін көрсетеді. Бастауыш мектепте қиындық туғызатын тақырыптар негізгі орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерде (физика, химия, биология, география) жалғасын табады.
Әдістемелік кабинет