CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
03.03.2026
📌 Мен үшін соңғы үш жыл – жауапкершілігі жоғары шешімдер қабылданып, жүйелі реформалар іске асырылған, кәсіби өсу мен тарихи нәтижелерге толы маңызды кезең болды. Осы уақыт аралығында дарынды балаларды анықтау мен қолдау жүйесі сапалық жаңа деңгейге көтерілді.
📊 600-ден астам республикалық және халықаралық зияткерлік іс-шара ұйымдастырылып, оған еліміздің 4,5 миллионнан астам оқушысы қатысты. Бұл – Қазақстандағы әрбір үшінші оқушының зияткерлік жарыстармен қамтылғанын көрсететін нақты көрсеткіш.
🏅 Халықаралық олимпиадалардағы нәтижелер – бірлескен жүйелі жұмыстың айқын дәлелі. Үш жыл ішінде 4851 оқушы 36 халықаралық олимпиадаға қатысып, 2026 медаль иеленді. Оның ішінде 328 алтын, 693 күміс және 1005 қола медаль бар. 2022 жылмен салыстырғанда 2025 жылы медаль саны 87,9 пайызға артты. Соңғы екі жылда қатысушылардың әрбір екіншісі жүлдегер атанды. Қазақстан оқушылары әлемдегі ең беделді 7 олимпиадада 76 жүлде жеңіп алды. 2023 жылмен салыстырғанда 2025 жылы жүлделердің жалпы саны 17,4%-ға өсіп, алтын медальдар саны 100%-ға, күміс медальдар 18,2%-ға артты. Қазақстан құрамасы халықаралық рейтингтерде әлемнің алдыңғы 27 елінің қатарына енді.
🌍 Қазақстан халықаралық олимпиадаларға тек қатысушы ретінде ғана емес, ұйымдастырушы ретінде де жоғары деңгейде танылды. 2023 жылдан бері 4 ірі халықаралық олимпиада өткізілді. 2024 жылы Астана қаласында өткен 35-ші Биологиядан халықаралық олимпиадаға 81 елден 305 оқушы мен 275 ғалым қатысты. Қазақстан құрамасы 4 медаль иеленіп, 100% нәтижеге қол жеткізді. Халықаралық академиялық қауымдастық аталған олимпиаданың ұйымдастырылуын жоғары бағалады.
🏫 Ауыл мектептері оқушыларына арналған олимпиадалардың жүйелі өткізілуі білімдегі тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам болды. Соның нәтижесінде ауыл оқушыларының республикалық олимпиадалардағы жүлде саны 10 есеге дейін артты.
👩🏫 Педагогтерді қолдау, психологиялық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру, дарындылық мәселесі бойынша «Қазақстандық оқушылардың дарындылығын анықтау және дамыту бойынша педагогикалық-психологиялық зерттеу» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, халықаралық серіктестікті кеңейту, робототехника және жасанды интеллект, қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бағытындағы жобаларды іске қосу – атқарылған жұмыстың басым бағыттары болды.
💼 Қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігі артып, орталық табысы 5 есеге ұлғайды. Бұл – стратегиялық басқару мен кәсіби командалық жұмыстың нәтижесі.
🏛 Халықаралық олимпиада жеңімпаздарының Ақордада Мемлекет басшысының қабылдауында болуы – дарынды жастарға көрсетілген ерекше құрмет. 2025 жылы халықаралық жеңімпаздарды дайындаған 24 педагогке «Құрмет» ордені, «Шапағат» және «Ерен еңбегі үшін» медальдары табысталды.
📚 Дарынды оқушыларды халықаралық олимпиадаларға даярлау мақсатында оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға қатысты №45 бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, олимпиадалық резерв мүшелерінің халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысуы қамтамасыз етілді. Жиындар саны 27-ден 35-ке дейін артты.
🎽 Ұлттық құраманың жаңа формасы бекітілді. Бұл – халықаралық аренада ел намысын қорғайтын оқушылардың бірегей бейнесін айқындайтын маңызды символ.
🤝 Жоғарыда аталған және аталмай кеткен жетістіктер – менің жеке еңбегімнің нәтижесі емес. Бұл – өз ісіне адал, кәсіби команданың ортақ жеңісі. Барлық әріптестеріме, ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға және серіктестерімізге шынайы алғысымды білдіремін. Сіздермен бірге жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе болды.
✨ «Дарын» орталығының қалыптасқан жүйесі мен бастамалары алдағы кезеңде де өз жалғасын тауып, жаңа жетістіктерге негіз болатынына сенім мол. Ұжымға табыс, тұрақты даму және жаңа белестер тілеймін.
Құрметпен, Ғаждембек Тұрсынов