25.02.2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2025–2026 оқу жылына арналған «ҚР жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатын жолдайды.
📚 Білім алушылардың оқу жетістіктерін сыртқы бағалау (ББЖМ)
105-бет – Ішкі және сыртқы бағалауды өткізу ерекшеліктері
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) – білім беру ұйымдарынан тәуелсіз түрде өткізілетін сыртқы мониторинг.
🔎 Мақсаты:
Бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейлерінде білім сапасын арттыру бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау үшін объективті деректер алу.
📅 Өткізу мерзімі:
2026 жылдың сәуір айында еліміздің барлық өңірлерінде бірыңғай форматта.
📌 Бағалау бағыттары:
• Оқу сауаттылығы
• Математикалық сауаттылық
• Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
🖥 Форматы:
Онлайн режимде, компьютерлік форматта (қағаз нұсқасы қарастырылмаған).
👥 Қатысушылар:
• Іріктелген мектептердің 4 және 9-сынып білім алушылары
• Жалпы білім беретін мектептердің шамамен 25%-ы қамтылады
📑 Ұйымдастыру:
• Мектеп үйлестірушісі – директор бұйрығымен тағайындалады
• Тест әкімшілері – пән мұғалімі емес қызметкерлер
• Сыртқы тәуелсіз бақылаушылар қатысады
• Zoom немесе Microsoft Teams платформаларында түсіндіру вебинарлары өткізіледі
🚫 Тыйым салынады:
• Ұялы телефон, смарт құрылғылар пайдалану
• Шпаргалка, көмекші материал енгізу
• Тест мазмұнын тарату
• Бөгде адамдардың қатысуы
⚠ Ереже бұзылған жағдайда қатысушы аудиториядан шығарылады, нәтижелері жойылады.
📊 Маңызды:
ББЖМ нәтижелері аттестацияға және мектеп рейтингіне әсер етпейді. Нәтижелер тек диагностикалық мақсатта қолданылады.
🌍 TIMSS–2023 халықаралық зерттеуі
Халықаралық оқу жетістіктерін бағалау қауымдастығы ұйымдастырған TIMSS 2023 зерттеуіне 64 ел қатысты.
📈 Қазақстан нәтижелері:
4-сынып:
• Математика – 487 балл (41 орын)
• Жаратылыстану – 467 балл
8-сынып:
• Математика – 454 балл (28 орын)
• Жаратылыстану – 443 балл
🔎 Қиындық тудырған бөлімдер:
• Математика – «Деректер»
• Жаратылыстану – «Биология»
Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтық сақталғанымен, біртіндеп төмендеу үрдісі байқалады. Халықаралық оқу жетістіктерін бағалау қауымдастығы (IEA) халықаралық ұйымы Ақмола облысынан TIMSS–2027 апробациялық зерттеуіне қатысатын 5 білім беру ұйымын (бұдан әрі – ББҰ) іріктеді (1-қосымша). Қабанбай батыр а.ЖОББМ, Қоянды а. МЛ.
📚 Зерттеуге қатысушылар:
• 4-сынып білім алушылары
• 8-сынып білім алушылары
• Білім алушылардың ата-аналары/қамқоршылары
• Математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері
• Білім беру ұйымдарының директорлары
📌 Білім алушылар тестілеуге қатысады, ал ата-аналар, педагогтер және мектеп директорлары онлайн сауалнама толтырады.
🎯 Зерттеудің мақсаты:
• Математика және жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасын халықаралық деңгейде салыстырмалы бағалау
• Оқу жетістіктеріне әсер ететін факторларды анықтау
• Білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу
📌 Маңызды:
ББҰ басшыларына апробациялық зерттеуді ұйымдастыру бойынша жауапты тұлғаларды тағайындап, қатысушылардың уақытылы және сапалы қатысуын қамтамасыз ету тапсырылды.
🎯 Педагогтерге ұсыныстар
✔ ББЖМ және TIMSS нәтижелерін оқу процесін жоспарлауда ескеру
✔ Күрделі бөлімдерге (геометрия, статистика, модельдеу) ерекше назар аудару
✔ Функционалдық және метапәндік құзыреттерді дамыту
✔ Мәтін талдау, деректерді интерпретациялау, ғылыми түсіндіру дағдыларын жетілдіру
✔ Зертханалық, жобалық жұмыстарды көбейту
✔ Мектеп, аудан, облыс деңгейінде кәсіби қауымдастықтар құру
International Association for the Evaluation of Educational Achievement (IEA) халықаралық ұйымы Ақмола облысынан PIRLS 2026 зерттеуіне қатысатын 8 білім беру ұйымын (бұдан әрі – ББҰ) іріктеді (1-қосымша). Қажымұқан а. ЖОББМ.
Қазақстанда PIRLS–2026 негізгі зерттеуі ағымдағы жылдың сәуір–мамыр айлары аралығында өткізіледі.
Зерттеудің нақты күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бұйрығымен бекітіледі.
📚 Зерттеуге қатысушылар:
• 4-сынып білім алушылары
• Білім алушылардың ата-аналары/қамқоршылары
• Сынып жетекшілері
• Білім беру ұйымдарының директорлары
📌 Білім алушылар тестілеуге қатысады, ал ата-аналар, сынып жетекшілері және мектеп директорлары онлайн сауалнама толтырады.
🎯 Зерттеудің мақсаты:
• Бастауыш сынып білім алушыларының оқу сауаттылығын халықаралық деңгейде бағалау
• Мәтінді түсіну, талдау және интерпретациялау дағдыларын анықтау
• Оқу жетістіктеріне әсер ететін мектептік және отбасылық факторларды зерделеу
• Білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу
📌 Маңызды:
ББҰ басшыларына зерттеуді ұйымдастыру бойынша жауапты тұлғаларды тағайындап, қатысушылардың уақытылы және сапалы қатысуын қамтамасыз ету тапсырылды.
📌 Қорытынды:
Мектеп әкімшіліктері мен педагогтерден әдістемелік нұсқау хат талаптарын басшылыққа алып, ББЖМ-ға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, академиялық адалдықты қамтамасыз ету және білім сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды күшейту сұралады.
Әдістемелік кабинет