CALL-ЦЕНТР 
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ұйымдар тізімі
13.02.2026
2026 жылдың 13 ақпан күні «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебімен бірлесіп 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Мәшһүр Жүсіп оқуларының аудандық кезеңін өткізді. Байқау 5 номинация бойынша өтті.
«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Эргашев Мұхаммед «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының мектеп-лицейі» КММ 10 сынып оқушысы;
«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Серикбаева Айғаным «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 9 сынып оқушысы;
«Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Молжігіт Каусар «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейі» КММ 9 сынып оқушысы.
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Бауыржан Самал «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Оразақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 9 сынып оқушысы.
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Ахметбек Талшын «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 11 сынып оқушысы.
Қатысушылар II және III орындармен және сертификаттармен марапатталды.
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!