"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Aqmola daryny ortalygy: 2026 жылғы 5 - 9 қаңтар аралығында Көкшетау қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі өтеді. Оған Ақмола облысының 460-танастам оқушысы қатысады.

05.01.2026

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.
Көкшетау қ. Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында олимпиада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9 пән бойынша өтеді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегіорыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.
Көкшетау қ. Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп – лицейінің базасында олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша: математика, физика, химия, биология, география, информатика. 
Олимпиаданы өткізудің барлық процесі жазумен және тікелей эфирмен Youtube арнасындақамтамасыз етіледі.
Үшінші (облыстық) кезең классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде өткізу кестесіне сәйкес екі турда өткізіледі.
Олимпиаданы өткізу қағидаларына сәйкес жұмыстарды апелляциялау - 2026 жылғы 8 қантаркүні өтеді.
2026 жылғы 9 қаңтарда Ақмола облысыбілім басқармасының жанындағы "Bolashaq saraıy" базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
🖊️Целиноград ауданы бойынша әдістемелік кабинеті. 

Просмотров: 872


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст