Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өткізу бастамасын көтерді.
21.10.2025
💳 Бұл жоба оқушылардың қаржы саласындағы білімін арттыруға, қаржылық жауаптылық пен цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша Республикалық олимпиадаға 17 қазанда Целиноград ауданы бойынша І мектепшілік кезеңге 13 мектептен 125 өтінім берілді, нақты 75 оқушы қатысты.
📨 Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі 17 қазан күні барлық өңірлерде офлайн форматта өтті. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын 60 минут ішінде орындайды. Мектепшілік кезеңінің қорытындысы бойынша Екінші аудандық кезеңге ең жоғары нәтиже көрсеткен 28 оқушы іріктелді. Екінші (аудандық) кезеңі 2025 жылғы 14 қарашада Қаражар ауылының мектеп-лицейі базасында өтеді. Safe Exam Browser платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылады.
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы ереже, сондай-ақ платформаны пайдалану жөніндегі нұсқаулық қосымша жолданатын болады.
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті