CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында 2025 жылғы 23-25 маусым аралығында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
«Мағжан оқулары» 3 номинация бойынша өткізілді:
I номинация - «Өлең – менің Шолпаным, Айым Күнім»;
II номинация - «Жасынан оқу оқып, өнер куған...»;
III номинация - «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған».
Ақмола облысынан облыстық кезеңінің жеңімпазы «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша Еренбекұлы Нұрсұлтан - Целиноград ауданы Қоянды ауылы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы қатысып сертификатпен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!