"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебім, жүрегімнің төріндесің!

23.05.2025

Құрметті Қызылсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің түлектері!
                                                   Қымбатты ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!
           Бүгін – үлкен өмірге қадам басқалы тұрған мектеп бітіруші түлектер, ата-аналары мен ұстаздары үшін де ерекше күн. Осы қуанышты сәтпен баршаңызды Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі атынан құттықтаймын!
           Аудан бойынша биылғы жылы 9-11 сынып түлектер саны 2757. Оның 1965 оқушысы 9-сынып, 792 11-сынып оқушылары. Үздік аттестатпен аяқтайды 9-сыныпты 195 оқушы, 11-сыныпты 61 оқушы, 57 түлек «Алтын белгіге» үміткер.    Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш бергендер саны 736, екінші өтінімге 635 оқушы. 
          Дарынды балалармен жұмыс барысы ол: жалпы пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар мен Зерде байқаулары айтуға болады. М-ы: Кеңес Мақсат. 
                                                                             Қымбатты түлектер!
          Ата-ананың тілегі – Қандай? талапты, мейірімді, ізгілікшіл, ар-ұяты бар абзал азамат. Бәрі сіздердің жарқын болашақтарыңызға негіз болары сөзсіз. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз анық. Алар асулары көп болсын!
         Сіздер - Целиноград ауданының ғана емес, еліміздің болашағысыздар. Қай салада қызмет етсеңіздер де, туған жерге, туған елге адал қызмет етіп, абыройлы азамат атануларыңызға тілектеспіз.
         Осы сәтте, ең алдымен, сіздердің өмірлік жолдарыңызға бағыт-бағдар беріп, жан-жақты тәрбие мен сапалы білім берген ұстаздарға шын жүректен алғысымды білдіреміз. 
         Ұстаздар – жас ұрпақтың жүрегіне шырақ жаққан ұлы тұлғалар. Олардан үш қасиетті табуға болады: ыстық Қайрат, нұрлы Ақыл, жылы Жүрек бар.
         Сіздердің шыдамдылықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында шәкірттеріңіз өмір жолында сенімді қадам басуға дайын.
                                                                Құрметті ата-аналар!
         Бұл күн – сіздер үшін де мерейлі, қуанышты сәт. Сіздердің қамқорлықтарыңыз, төзім мен тәрбиелеріңіз бала жүрегінен орын алды. Ұл-қыздарыңыздың әрбір жетістігі – қолдаудың нәтижесі. 
         Қымбатты түлектер сәттілік пен жарқын болашақ тілеймін! 
Еліміздің дамуына үлес қосатын, бәсекеге қабілетті, білімді де білікті азамат/азаматша болуға ұмтылыңыздар! 
         Адам болу-қасиет, азамат болу-міндет, патриот болу-парыз.
                   Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Серик Кайырұлы Тасыбай

Просмотров: 1044


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст