CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
📅 2025 жылдың 28 сәуір күні
🏫 «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті 🏆 Қаражар ауылының мектеп-лицейімен бірлесіп
📖 8-11 сынып оқушылары арасындағы І облыстық «Марфуға Бектемірова оқулары» аудандық кезеңін өткізді.
🎯 Байқаудың мақсаты:
📚 қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;
✍️ ақынның шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
📌 Байқау 3 номинация бойынша өтті.
🏆 Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарға ие болғандар:
📜 «Табиғаттан алғанмын тәрбиені» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Молжігіт Кәусар «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Талапкер ауылы ІТ мектеп-лицейі» КММ 8 сынып оқушысы;
📜 «Бір қолымда өлеңім, бір қолымда бөбегім» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Әзілбек Динара «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Қоянды ауылы мектеп-лицейі» КММ 10 сынып оқушысы.
📜 «Жырым оны айтпаса, кім айтады?» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Эргашев Мұхаммед «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы мектеп-лицейі» КММ 9 сынып оқушысы.
Қатысушылар II және III орындармен және сертификаттармен марапатталды.
🎉 Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз! 👏🎊