"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

І облыстық "Ілияс Есенберлин" байқауының аудандық кезеңі

29.04.2025

📅 2025 жылдың 28 сәуір күні

🏫 «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті 🏆 Қаражар ауылының мектеп-лицейімен бірлесіп

📖 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Есенберлин оқуларының аудандық кезеңін өткізді.

 

🎯 Байқаудың мақсаты:

📚 Ілияс Есенберлин байқауының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;

✍️ Илияс Есенберлин байқауының негізгі міндеттері жазушының шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

 

📌 Байқау 3 номинация бойынша өтті.

 

🏆 Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарға ие болғандар:

 

📜 «Тарихтың көркем суреткері» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Қойшығара Жанару «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша  Талапкер ауылы ІТ мектеп-лицейі» КММ 8 сынып оқушысы;

📜 «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Садық Гүлсана «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша Талапкер ауылы ІТ мектеп-лицейі» КММ 8 сынып оқушысы.

 

📜 «І.Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Абдархман Ақмаржан «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылы ІТ мектеп-лицейі» КММ 10 сынып оқушысы.

 

Қатысушылар  II және III орындармен және сертификаттармен марапатталды.

 

🎉 Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз! 👏🎊

Просмотров: 465


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст