2025 жылдың сәуір айының 23-25 күндері Алматы қаласында Педагогикалық шеберлік

01.01.1970

2025 жылдың сәуір айының 23-25 күндері Алматы қаласында Педагогикалық шеберлік орталығы мен “Назарбаев Зияткерлік мектептер”ДББҰ ұйымдастыруымен “Кәсіби диалог: Lesson Study оқуды қалай өзгертеді” халықаралық деңгейдегі ІІ Ұлттық конференциясы өтті. Конференцияға Ақмола облысынан төрт бағыт бойынша он бестей мұғалім қатысты. Конференция қорытындысында Ақмола обылыс Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі КЫЗЫР НАЗГУЛЬ “Постер көрмесінде” сабақты зерттеудің озық тәжірибесін ұсынғаны үшін жүлделі ІІ дәрежелі  дипломмен МАРАПАТТАЛДЫ! 
Ақмола облысының намысын қорғап келген әріптесімізді зор қуанышымен құттықтап, білім әлемінде биіктерді бағындыра берсін демекпіз!!

Просмотров: 320


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу