25.04.2025
2025 жылдың 25 сәуірінде Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы Целиноград ауданының Талапкер ауылындағы мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – инклюзивті білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, тәжірибе алмасу, сондай-ақ білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балаларға қолайлы жағдай жасау жолдарын қарастыру.Отырысқа Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері, тірек білім беру ұйымдарының басшылары (тірек балабақшалардың меңгерушілері мен Целиноград ауданының балабақша меңгерушілері, тірек мектептердің директорлары), Целиноград ауданы мектептерінің директорлары, колледждердің және арнайы білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Кеңестің бірінші бөлімі практикалық түрде өткізілді. Бұл бөлімде Талапкер ауылының «Әсем-ай» балабақшасы мен жалпы орта білім беретін мектебінің арнайы мамандары мен педагогтері өздерінің инклюзивті білім берудегі тәжірибелерімен бөлісті.
Кеңестің екінші бөлімінде инклюзивті білім беруге байланысты маңызды тақырыптар қарастырылды:
• Мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық көмек көрсету – баяндамашы: Сулейменова Аяжан Габделовна, аудандық емхананың педиатры, босану және бала денсаулығы жөніндегі директордың міндетін атқарушы орынбасары.
• Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік жәрдемақылар – баяндамашы: Смагулова Маржан Омаровна, Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының міндетін атқарушы.
• Целиноград ауданының білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім берудің жағдайы – баяндамашы: Елеуова Айнур Айтбаевна, Целиноград ауданы білім бөлімінің басшысының орынбасары.
• «Жұлдыз» балабақшасындағы инклюзивті білім берудің жағдайы – баяндамашы: Баранова Ольга Анатольевна, Целиноград ауданы «Жұлдыз» балабақшасының меңгерушісі.
• Мектептің жалпы білім беру үдерісіне инклюзивті практикаларды енгізу жөніндегі қызметі – баяндамашы: Савилхан Меруерт, Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.
• Колледжде ЕБҚЕ бар тұлғаларды жұмысшы мамандықтары мен арнайы пәндерге оқыту тәжірибесі – баяндамашы: Вегнер Руслана Геннадьевна, Жаңаесіл ауылындағы Агротехникалық колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары.
• «Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы №11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің қызметі туралы – баяндамашы: Адилова Дамира Тажибекқызы, түзету кабинетінің меңгерушісінің міндетін атқарушы.
• Қолжетімді білім беру ортасын құру үшін интерактивті технологиялар – баяндамашы: Есбергенов Адлет Бақытжанұлы , «Балаларға инновациялар»
• I – SANA компаниясының негізін қалаушы.
• Іс-шара барысында қатысушылар сұрақ-жауап, пікір алмасу сессияларына қатысып, тәжірибелермен бөлісті.