"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мәшһүр Жүсіп оқуларының аудандық кезеңі

24.02.2025

📅 2025 жылдың 24 ақпан күні

🏫 «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинеті 🏆 Өтеміс ауылының жалпы орта білім беретін мектебімен бірлесіп

📖 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық Мәшһүр Жүсіп  оқуларының аудандық кезеңін өткізді.

 

🎯 Байқаудың мақсаты:

📚 философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу

✍️ шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік

🖋️ белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу

📚 тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеутін дамыту

 

📌 Байқау 5 номинация бойынша өтті.

 

🏆 Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындарға ие болғандар:

 

📜 «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Майлхан Назерке  «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 10 сынып оқушысы;

 

📜 «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Тажбердиева «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 9 сынып оқушысы;

 

📜 «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Нұрланқызы Аружан  «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының  мектеп-лицейі» КММ 10 сынып оқушысы.

 

📜 «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Қаржаубай Дінмұхаммед ««Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының  мектеп-лицейі» КММ 8 сынып оқушысы.

📜 «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» - номинациясы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған Серік Айгүл «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 10 сынып оқушысы.

 

Қатысушылар  II және III орындармен және сертификаттармен марапатталды.

 

🎉 Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз! 👏🎊

Просмотров: 931


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст