"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының педагог қызметкерлерінен «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы

30.12.2024

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және әдістемелік орталығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 19-24 желтоқсан аралығында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық (сырттай) кезеңі өткізілді.
Фестивальдің мақсаты - педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, облыс мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Фестивальға мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, жалпы орта білім беретін мектептерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтері, психологтар, логопедтер қатысты.
  Ақмола облысының педагог қызметкерлерінен «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсына барлығы 107 жұмыс түсті. Ұсынылған жұмыс материалдары 5 бағыт бойынша тексерілді, олар:
1)  «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары);
2) «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша (пән мұғалімдері) –қоғамдық-гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер; 
3) «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру  ұйымдарының педагогтері);
4) «Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім             беру орталықтарының педагогтері);
5) «Психолог сандықшасы» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер,     дефектологтар).
  Ережеде берілген  бағалау критериилеріне сәйкес педагогтер келесі орындарға орналасты:
1)                  «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша 1 орын Достанбаева Карлыгаш Мирамхановна, Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2)                   «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша
3 орын-  Байсеркеева Жансая Тулеухановна, Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі . 
Облыстық (сырттай) кезеңінің жеңімпаздары әдістемелік орталығының 1, 2, 3 Дәрежелі дипломадарымен марапатталады және 2025 жылғы 10,11 қаңтар күндері Алматы облысында республикалық кезеңіне қатысады.
             Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 1666


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст