"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ

20.09.2024

2024 ЖЫЛДЫҢ 19 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ 3360 ОҚУШЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ   "МЕНІҢ МЕКТЕБІМ БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ!" ФЛЕШМОБЫНА  ҚАТЫСТЫ.

 «Менің мектебім буллингке қарсы!» флешмобының мақсаты – балалардың назарын физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде аудару. Іс-шара балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға жәрдемдесуге, сондай-ақ оларды достыққа, өзара түсіністік пен өзара көмекке ынталандыруға бағытталған.

Флешмобтың міндеті: Білім беру және ақпараттандыру: балаларға буллинг, оның негізгі себептері мен салдары туралы ақпарат беру; оқушылардың, мұғалімдердің буллингке қарсы санасы мен ойлауын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту: оқушыларды буллингке теріс көзқарасты көрсететін бейнероликтер жасауға ынталандыру; зорлықзомбылықтың кез келген түрінен бас тарту көрінісіне белсенді қатысуға жәрдемдесу. Қоғамдастықтағы қолдау және өзара іс-қимыл: балалар өздерінің жетістіктерін талқылай алатын, өздерін қызықтыратын сұрақтар қоя алатын және бір-біріне қолдау көрсете алатын мейірімді, психологиялық жайлы орта құру; әлеуметтік маңызды міндеттерге негізделген мектеп қоғамдастығы шеңберінде бірігу және өзара іс-қимыл жасау; өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру, биді бірлесіп дайындау мүмкіндігі арқылы балаларға құқықтық тәрбие беру. Шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру: балалардың ақпаратты талдап, шешім қабылдау барысында салауатты, достық қарым-қатынасты қолдау дағдыларын дамыту. 

Просмотров: 1792


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст