"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Фариза, Фаризажан, Фариза қыз" оқулар байқауының ережесі

08.10.2020

"ФАРИЗА, ФАРИЗАЖАН, ФАРИЗА ҚЫЗ..."

атты балалар мен жасөспірімдерге арналған Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын

өлеңдеріне жазылған әндер байқауының ережесі   (онлайн байқау)

Қазақтың лирик ақыны Ф.Оңғарсынованың «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...» байқауы жыл сайын Целиноград ауданы бойынша оқушылар арасында өтілуде.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

-  ақын шығармашылығын насихаттап, оның әдеби-лирикалық өзгешеліктерін көрсете  білу;

-  жас оқырманға ақын поэзияларының мән-мағынасын тереңінен  түсіндіріп, олардың поэзияға, өлең оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру;

- ақынның сөздеріне жазылған әндерін жандандырып, дәріптеу;

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ:

5 – 7 жас аралығы – бүлдіршін топ                          8 - 10  жас аралығы – кіші топ

11 - 13 жас аралығы – орта топ                                14 - 16 жас аралығы – жасөспірім топ

17 - 20  жас аралығы – жоғарғы топ

ЖАНРЛАР

«Эстрадалық вокал»,  «Көркем сөз», «Ақындық өнер», «Бейнелеу өнері», «Қолөнер»

ЖАНРЛАР ТАЛАБЫ

"Эстрадалық вокал" жанры бойынша байқауға қатысушы бір ән орындайды. Ән Фариза Оңғарсынованың  сөзіне жазылған болуы  қажет. Әннің уақыты

3-3,5 минуттан аспауы қажет.

       (Дуэт,трио,квартет құрам бойынша да қатысуға болады)

"Көркем сөз" жанры  бойынша  ақынның бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқу  керек.

(Ф.Оңғарсынованың жырларын оқуға "Дауа", "Ғашық сезім", "Сандуғаш", "Шілде", "Жүрек күнделігі", "Жүректің төрт мезгілі", "Сұхбат" сияқты  т.б жыр жинақтарын пайдалануға болады. Кіші топ қатысушылары ақынның  «Жетім монологы»,  «Жетімхана» сынды т.б ауыр тақырыпта  жазылған өлеңдерін оқуға рұқсат етілмейді. )

«Ақындық өнер» жанры бойынша қатысушы Ф.Оңғарсыноваға арнап өз жадынан өлең шығарып , сол өлеңді мәнерлеп жатқа оқу керек.

«Бейнелеу өнері» жанры бойынша байқауға қатысушы Ф.Оңғарсынованың портретін салып көрсету керек. Салып келген туындысын қандай құралмен салғанын түсіндіріп қорғайды.

«Қолөнер» жанры бойынша қатысушы Ф.Оңғарсынованың бейнесін кез келген бұйыммен жасап (тоқып,желімдеп) немесе ақынның өлеңдеріне байланыстырып қолөнер бұйымдарымен туындысын жасап көрсету  керек.

 ҚАТЫСУШЫНЫҢ БАҒАЛАНУЫ:

- жинаған сан ұпайы (лайк) бойынша қатысушылардың арасынан байқаудың жүлдегерлері анықталады;

ҚОРЫТЫНДЫ МАРАПАТТАУЫ:

         Бас жүлде – сыйлық және диплом;

         І орын - сыйлық және диплом;

         ІІ орын - сыйлық және диплом

         ІІІ орын - сыйлық және диплом;

         Қатысушыларды дайындаған педагогтарға алғыс хаттар беріледі.

  ОНЛАЙН БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ:

         Аудандық онлайн байқау 2020 жылдың  қазан айының 30-31  күндері өтеді. Аудандық байқауға  дауыс беру уақытының  басталуы қазанның 30-ы сағат 8-00 ден аяқталуы қазанның 31-і сағат 20-00 ге дейін.

         Қазан айының 22-23 күндер аралығында мектепішілік онлайн байқау өтеді. Дауыс беруге       қазанның 22-і сағат 8-00ден қазанның 23-і сағат 21-00ге дейін болады. Ең көп дауыс (лайк) жинаған оқушыны  аудандық онлайн байқауға қатысуға сұраныс жібересіздер.

Мектепішілік байқауға қатысатын оқушы алдымен өзін, мектебін сыныбын, байқаудың және номинациясын атауы керек. Мекпішілік онлайн байқауға қатысамын деуі керек.

 

 

        

 

 

Просмотров: 872


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст