CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының №3 (23), 2020 жылғы «Дана бала» ғылыми-ақпараттық әдістемелік журналына МКҚК «Қошақан» балабақшасының әдіскері Сабырова А.Т. «Мектепке дейінгі мекеме педагогтардың кәсіби дамуы негізіндегі модерация технологиясы» атты мақаласы шықты.
Бұл мақалада модерация - мектепке дейінгі мекемедегі педагогтардың кәсіби және тұлғалық даму проблемаларын шешуге көмектесетін, әдістемелік қолдау, білім беру процесінің тиімділігі мен сапасын едәуір арттыратын технология ретінде көрсетілген. Модерация процесінде қолданылатын танымдық қызметті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен формалары модерацияға қатысушылардың аналитикалық және рефлексиялық белсенділіктерін арттыруға, зерттеушілік және жобалау дағдыларын, коммуникативті дағдылар мен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған.