CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Жаз мезгілінде ауданның балабақшалары сырттай байқаулар өткізді: Маусым – «Гүл симфониясы», байқаудың мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және жүзеге асыру; қатысушыларға өз қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсетуге мүмкіндік беру; мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Шілде – «Айналайын, Астанам!» Байқаудың мақсаты: тәрбиеленушілерді шығармашылық қызметке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.
Ағымдағы жылдың шілде айында ауданның балабақшалары мектепалды даярлық топтарында Қашықтықтан оқытудың бейне-материалдарының облыстық сырттай байқауына қатысты.
Тамыз – «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз!» Байқаудың мақсаты: еліміздің тарихымен танысу, балаларға өз ойын білдіруге мүмкіндік беру. балалардың туған елге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту.
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйымдар арасында Тілдер күніне орай «Мен және менің достарым» челленджі өткізілді. (далее ролик)
18 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Таланттар достығы» челленджі өткізілді. Қосшы ауылындағы «Алтын дән» балабақшасының ұжымы мен тәрбиеленушілерінің қатысуымен бейнеролик «Таланттар достығы» облыстық челленджіне қатысуға жіберілді.