CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
2020-2021 оқу жылында Целиноград ауданының білім беру ұйымдарында - 2138 педагог (оның ішінде оқу - тәрбие жұмысын 2001 педагог жүзеге асырады, 198 – әлеуметтік педагогтар, аға тәлімгерлер, психологтар, музыкалық жетекшілер). Оның ішінде жоғары білімді - 1752 педагог, арнаулы орта білімді-386, орта білімді - жоқ.
Біліктілік санаты бар педагогтар:
445 педагог-модератор,
595-педагог сарапшы,
335-педагог-зерттеуші,
11-педагог-шебер
Аудан бойынша 72 педагог зейнеткер жұмыс атқарады. Жұмыс өтілі 20 жылдан асатын мұғалімдердің үлесі – 31,5 % (539 адам) құрайды.
Аудан бойынша ағымдағы кезеңде кадр тапшылығы жоқ. Педагогикалық кадрларға деген қажеттілік жас мамандар мен жұмыс істейтін зейнеткерлердің келуі есебінен шешіледі.
Ауданда негізінен жас мамандарды тарту және бекіту бойынша оң жұмыстар жүргізілуде. 2020-2021 оқу жылында 229 педагог келді, оның ішінде 95- жас мамандар.