CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
13 ақпан күні Қызылсуат жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық жоспарға сәйкес «Тарих –ғасырлар мұрасы» атты аудандық тарихшылар семинары өтті. «Өз тарихынды біл, өз болмысынды таны» демекші бүгінгі таңда тарихшылардың ұлт алдында атқаратын қызметі маңызды.
Семинар «Ғасырлар шеруі» атты концерттік бағдарламамен ашылды. 3,4,5,8,9 сынып оқушылары тарихи тұлғалардың өлеңдерін оқып, мектептің «The Voise» балалар хоры патриоттық бағытта әндер шырқады. Мектеп тарихшылары Корыкбаев С.И. Кыдыралина Н.Н. Жанзаков Н.М танымдық ашық сабақтар өткізді. Мектеп фойесінде Қараөткел, Қаражар, Қызылжар, Шұбар мектептері «Тарихи құндылықтар» атты ұлттық бағытта көрме ұйымдастырды.
Семинардың екінші бөлімінде Қызылсуат мектебіне келген тарихшыларға 9-11 сынып оқушылары мектептің өлкетану мұражайына экскурсия өткізді. Қызыжар ЖООБМ тарих мұғалімі Ахметова А.Е. «Тарих пәні сабақтарына жаңа талаптар», Қараөткел мектеп гимназия тарих мұғалімі Нұрмағанбетова Л.К «Тарих пәнінен білім берудегі өзіндік ерекшеліктер», тақырыбында баяндамалар оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. Мектеп кітапханашысы Төлегенова М.Б. география пәні мұғалімі Сагимбекова Г.К. және тарих пәні мұғалімі Кыдыралина Н.Н «Ұлттық құндылықтар бастауы-ауыл» тақырыбында зерттеулермен бөлісіп, мектеп оқушылары Кеңес Мақсат, Қанапия Балғын, Ахан Дәулет туған ауыл туралы ойларын ортаға салды. Аудандық семинарға жалпы 36 тарихшы қатысып, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қорғанбеков Е.С. семинарға қатысқан, өз тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға аудандық білім бөлімінің атынан сертификат табыстады.