"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы Даланың – Ұлы перзенттері» тақырыбында аудандық магистр дәрежелі тарих пәні мұғалімдерінің ғылыми - практикалық конференциясы

04.03.2024

2024 жылды4 22 ақпан күні Целиноград ауданы көлемінде Төңкеріс ауылының жалпы білім беретін мектебінде «Ұлы Даланың – Ұлы перзенттері» тақырыбында аудандық магистр дәрежелі тарих пәні мұғалімдерінің ғылыми - практикалық конференциясы  өтті.

Конференцияны ұйымдастырушы Целиноград ауданының білім бөлімінің әдіскері Қорғанбеков Еркебұлан Сәрсенғалиевич және Ынтымақ ауылының магистр дәрежелі тарих пәні мұғалімі, тарих бірлестігінің жетекшісі Нұрахмет Айнагүл Кәдірханқызы

Конференцияның  басты мақсаты - Білім саласында еңбек етіп жүрген тарих пәні мұғалімдерінің  зияткерлік шығармашылығын дамыту, аудан деңгейінде тәжірибе алмасу және барлық тарих пәні мұғалімдерін зерттеу қызметіне тарту.

Конференцияда төмендегідей міндеттер көзделді.

1. Білім беру саласында, дарынды және талантты ұстаздарды іздеу және ауданымыздың жұмысының ілгері жүруі үшін қолдау көрсете алатын шебер ұстаздар табу.

 2. Тарих пәні мұғалімдерінің  өзін-өзі дамыту процесіне белсенді араласуларына үлес қосу, қолдау көрсету

4. Оқыту процесін жетілдіру үшін, бәсекеге қабілетті саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында мұғалімдердің  ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру.

 5. Магистр дәрежелі тарих пәні мұғалімдерін  зерттеу қызметіне тарту.

Конференция жұмысының бағыттары: Ұлы тұлғалардың қазақ ғылымын дамытудағы еңбектері, тарихи тұлғалардың  терең зерттелуі, Ұлы тұлғалардың  ілімдерінің тәрбиелік мәнін ашып көрсетуге бағытталған.

Конференцияға қатысушылар:  Целиноград аудандық білім бөлімі, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқытушылары. Сонымен қатар, аталған шараға Целиноград ауданына қарасты мектептерден  50 тарих пәні мұғалімдері қатысты. 

Ғылыми -практикалық конференцияның қорытындысы: 

 15 магистр дәрежелі тарих пәні мұғалімдері баяндама жасады. Конференция қатысушыларына сертификаттар берілді. Баяндама жасаған мұғалімдер алғыс хатпен

Просмотров: 1350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст