"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Оқу сауаттылығын дамыту жұмыстарының әдістері мен формалары" атты вебинар

08.12.2023

 Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» кәсіби даму институтының жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, тренер  Алькенова Ботагоз Камзақызының кураторлығымен 2023 жылдың 8 желтоқсан күні Целиноград ауданы мұғалімдерімен "Оқу сауаттылығын дамыту жұмыстарының әдістері мен формалары" тақырыбында вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты:  Сабақта оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту әдістемелерін қолданудың тиімділігін анықтау.

Міндеттері: - сабақта оқу сауаттылығын дамыту әдістерін қолдану;

  • оқу сауаттылығын дамыту бойынша практикалық жұмыстар жүргізу

Аталған вебинарда ауданымыздың мұғалімдері өз тәжірибелерімен жұмыстарын көрсете білді. Атап айтсақ: «Мәтінмен жұмыс жасау жолдары» тақырыбында Ш.Наушабекова Софиевка а. орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі, ағылшын пәні бойынша «Оқушыларға ағылшын тілінің граматикасын меңгерту:Pressent Continuous Tense» А.Байкал, қазақ тілі сабағында «Оқу сауаттылығы-мәтінмен жұмыс» О.Сыздыкова  Нұресіл а. орта мектебінің мұғалімдері, Қоянды а. орта мектебінің мұғалімдері Д.Хожа, Б.Кенжетай, Б.Мусатаева  «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тиімді әдістерімен таныстырса, Ы.Алтынсарин а. орта мектебінің мұғалімі С.Абдуалиева «Оқу сауаттылығын арттыру үшін мәтінмен жұмыс жасау жолдарының тиімділігі» тақырыбында өз тәжәрибесімен бөлісті. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің  сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Ендеше, өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының  алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.

    «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үрдісінің маңыздылығы»  тақырыбында облыс бойынша осындай іс шараларды ұйымдастару алқасына және тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге алғысымызды білідіреміз. 

Просмотров: 732


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст