CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
26 қазан 2017 жылы Целиноград ауданында Ақмола облыстық білім баскармасының басшысы Т.Т. Жунусов келіп, мектептердің жай-күйімен танысып, педагогикалык ұжыммен қазіргі заманауи білім беру жүйесі жайлы пікірлесті. Мектептің материалдық - техникалық базасымен танысты. Бірінші аусымдағы 1,2,8,11 сынып оқушыларының білім деңгейіне бақылау жасап, 11 сынып оқушыларымен ҰБТ дайындықтары жөнінде сұрап, білісті. Кездесу кезінде мектептің сынып бөлмелерін аралап 11- 10 сынып оқушыларымен болашақ мамандықтары және «Алтын белгі» мен «Үздік » туралы әңгімелесті. Мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларымен әңгімелесу барысында сабаққа деген қызығушылықтары мен мектептің тіршілігі жайлы сөз қозғады. Жалпы мектептің жақсы жұмыс жүргізіліп
жатқандығын айтып, жаңа мазмұнды оқыту бойынша әдістемелік көмек көрсетуінің қажеттілігі туралы ұсыныстарын айтты.