CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
14 наурыз күні Қараөткел мектеп-гимназиясында тарих пәнінен «Кенесары ханның туғанына 220ж» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: Кенесары ханның ұлты үшін, елі үшін жасаған ерліктерін оқушыларға жеткізу. Жас ұрпаққа халық батырының қаһарманы Кенесары Қасымұлы тұлғасын жан-жақты көрсетіп, ата-бабаларымыздың өнегесін үлгі ете отырып, оқушылардың бойына туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттыққа, ынтымаққа тәрбиелеу.
Семинар барысында Нурмаганбетова Л.К. 10 сыныпта «Қазақ халқының материалдық мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ, Шарипова М.Б. 10 сыныбында «Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы» тақырыбында ашық сабақ,
Кусаинова А.К. 7 сыныпта «Жәрмеңке саудасының даму» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Семинар барысында Наушабекова Г.А, Картабаева А.С. «Оқушылардың тарихи ойлау дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг нәтижесінде мұғалімдер тарих сабағында тиімді белсенді әдіс-тәсілдерді ұсынды, өз тәжірбиелерімен бөлісті. Тарих пәнінің мұғалімі Кукеев А.М. Кенесары ханға 220жыл тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Л.Н.Гумилев атындағы ҰЕУ тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бекмағанбетов Өмірбек Жолдыбекұлы қатысып Кенесары хан туралы деректер, қазіргі таңдағы білім саласындағы жаңалықтармен бөлісті.
Өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары келген қонақтар мектептігі музеймен таныстырды. Тарих пәнінің мұғалімі Съезхан Нұршаш Кенесары ханның 220 жылдығына арналған әдеби кеш өткізді.Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдер өзара тәжірбие бөлісіп, өткен ашық сабақтар мен барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.