CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жұмыс жоспарына сай Целиноград ауданына қарасты мектеп оқушылары арасында 2023 жылдың ақпан айының 24-і күні 8-11 сынып оқушылары үшін Мұқағали Мақатаев, Ілияс Жансүгіров және Жамбыл Жабаев оқуларының аудандық кезеңі ауа райының қолайсыздығына байланысты онлайн форматында өткізілді.
Оқулардың басты мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Жас буынның тарихи танымдарын,демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін,өмірге көзқарасын қалыптастыру.
Мұқағали және Ілияс оқулары 3 бағыт бойынша өткізілді: 1 бағыт - қатысушылар өз өлеңдерін оқиды, 2 бағыт – поэмаларын оқу, 3 бағыт -Мұқағали мен Ілияс өлеңдерін жатқа айту. Жамбыл Жабаев оқулары бойынша оқушылар екі бағыт бойынша айтысты.
Осы үш оқулар бойынша бірінші орын алған жеңімпаздар облыстық байқауға қатысады.