"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Заманауи білім тенденциялары: цифрлық сауаттылық, жаңа технология

24.02.2023

23 ақпан “Төңкеріс ауылының ЖОББМ”КММ-де “Заманауи білім тенденциялары: цифрлық сауаттылық, жаңа технология” тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға жетекші мектеп мұғалімдері мен көршілес мектеп мұғалімдері және аудандық әдіскерлер Жанар Сериковна мен Асылан Қуандықұлы қатысты. Семинарды мақсаты: білім беру саласында заманауи технологиялардың мүмкіндігін, жаңа технологияларды қолдану арқылы  бәсекеге қабілеттілікті арттыру, оқу-тәрбие процесін жеделдету, оқушы бойындағы белсенділікті арттыру.

Семинарда Назымгуль Болекбаевна (математика пәні), Назира Марьяновна (бастауыш сынып), Бахыт Амантаевна (математика пәні), Хуанай Еркебулан (Информаиика) мұғалімдер  түрлі цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін қолдана отырып сабақ берді.

Мектеп психологы Рыскулова Айжан Кажигалиевна «Лабиринт» және «Көтеріңкі көңіл-күй» тақырыбында қонақтармен көңілді тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: бірлескен жұмыстың нәтижесін көрсету. Тренинг жеңімпаздарына тәтті сыйлықтар таратты.

Асия Нурлановна «Виртуалды конференция» авторлық әдісі бойынша шебер сағат көрсетті. Осы конференцияда модератор Асия Нурлановна өзінің авторлық жұмысы «Виртуалды конференция» әдісімен бөлісті. Әдістің жаңашылдығы: конференцияны виртуалды өткізу, оқушылар арасында желілік қоғамдастық орнату, цифрлы конференция  өткізуде оқушы бойында зияткер жеке тұлғаны қалыптастыру. Мусина Асия Нурлановна әдістің қолдану, өткізу формасын, тиімділігін жан-жақты баяндап конференция қонақтарына «кәде сый» кюарланған карточкасын ұсынды. Бұл «кәде сыйында» осы авторлық әдістің қолдану жолдары толық көрсетілген.

Дәл осы күні мектепте «Оқуға құштарлық» кабинетінің ашылу салтанаты өтті.  Ұлттық құндылық пен рухани азық тоғысқан кабинеттің салтанатты ашылу рәсімін балалар ақыны, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Серікбол Хасанға табысталды. Ашылу салтанаты «Ақын-елдің ардағы» атты кездесу кешімен жалғасты. Серікбол Хасан балаларға өзінің ақындық жолға келуі жайлы, әжесінің ақындыққа ықпалы туралы әңгімелесті.   Кездесу барысында оқушылар Серікбол Хасанға өздерінің сұрақтарын қойып, ән мен жыр шашуларын арнады. Мектебіміздің оқушысы Байділда Жібек ақынға өзінің шығармашылығынан өлең оқыды. Ақынның «Әжем айтқан ертегі», «Қолыңды жу», «Тазалықты сүйемін», «Қиын бала қысым»,  «Аю мен тышқан», «Үйшік», «Бауырсақ», «Көліктер», «Робот» өлеңдерін бастауыш сынып оқушылары оқыды. Жас ақынымыз кәде сый ретінде балаларға арналған «Күшті бала», «Балалар поэзиясының антологиясы» атты кітаптарын  тарту етті. Ақынның кітаптары әке мен қыз арасындағы сүйіспеншілік, ізгілік қасиеттерге толы. Кеш ұйымдастырушысы мектеп кітапханашысы Имагамбетова Маруакул Амирбековна.

Семинар соңы сертификатпен толықты. Келген қонақтардан жоғарғы баға беріліп, кері байланыс алынды.Сабақ берген, семинарды ұйымдастырған мектеп ұстаздарына аудандық деңгейдегі сертификат табысталды.

Просмотров: 267


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст