"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс

08.12.2022

Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" ММ «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі балалар ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

Бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар жаңартылған құжаттар ұсынылған жағдайда келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізіледі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

* Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

 * мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл батырмасын және дауыстық хабарлауды орналастыру схемасы;

* Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы 3 топқа дейін) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт;

* педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесі мен құжаттарының көшірмесі. Конкурстық рәсім 16 жұмыс күнін құрайды, құжаттарды қабылдау 08.12.2022 жылдан бастап 30.12.2022 жылға дейін, Наурыз көшесі, 34, 3 қабат мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Просмотров: 680


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст