CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
«Шағын жинақталған мектептерде орыс және қазақ тілдерін оқытудың әдістері» тақырыбындағы Семинар-практикум
(лексикалық тақырып «Әдебиет сабақтарындағы рухани-адамгершілік тәрбие»)
«Функционалдық сауаттылық - заман талабы»
Өткізілген уақыты: 15.11.2022 ж.
Орны: Ынтымақ ауылының ЖОББМ
Қатысушылар: орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері; орыс сыныптарындағы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері
Мақсаты: тілдік пәндер мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру; ШЖМ тілдік пәндерді оқытудағы озат әдістерді және ғылыми жобалар жазу тәжірибелерін тарату.
15.11.2022 күні жоспарға сай мектебімізде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері, орыс сыныптарындағы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің қатысуымен аудандық семинар өтті. Семинар тақырыбы «Шағын жинақталған мектептерде орыс және қазақ тілдерін оқытудың әдістері» бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі. Іс шараға аудандық білім бөлімінен Айнұр Далабаевнаның белгілі себептермен келе алмағанына байланысты Еркебұлан Сәрсенғалиұлы және аудан мектептерінен 19 мұғалім қатысты.
09.00-9.30 аралығында қонақтарды күтіп алып, мектеп мұражайымен және технология кабинетімен таныстырдық. Мектептің АКТ залында семинардың ашылуында мектеп директоры Қаржаубай Х. Т. сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бірінші ашық сабақ сағат 09:50 де басталды. 9 «б» сыныбында Ынтымақ ауылының ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі байгелова Айнагүл орыс сыныптарында «Жеті жарғы» тақырыбында сабақ берді. Сабақта жаңартылған бағдарламалардың әдіс-тәсілдерін, АКТ қолдана отырып жан-жақты өткізді. Қатысушы мұғалімдер оң пікірде болды.
Оразақ ЖОББМ-нің Орыс тілі және әдебиет мұғалімі Алгожаева Лейла Баженовна 9 «а» сыныбында А.С.Пушкиннің «Капитанская дочка» тақырыбында сабағы өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер жақсы пікірлер айтып, жақсы тәжірибемен бөліскендігін айтты. Лейла Баженовна өз пәнінің нагыз шебері екенін дәлелдеді. Оқушылармен жұмыс жасауда, сабақты жоспарлауда ерекше қабілетін көрсете алды.
Акмешіт ауылының ЖОББМ-нің Орыс тілі және әдебиет пәнімұғалімі, педагог-зерттеуші Балгожина Б. А. 7 «а» сыныбында Л.Н.Толстойдың «Кавказский пленник» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Сабақ өте қызықты өтті. Оқушылар мұғалімді бірінші рет көріп тұрса да бұрыннан бірге жұмыс жасаап келген мұғалімдей өз ойларын еркін жеткізе алды. Топ-топ болып жұмыс жасап, тақырыпты аша алды. Пән мұғалімі жан-жақты әдіс тәсілдерді қолдана отырып, сабаққа қойған мақсатына жете алды.
Және де соңғы сабақ Ынтымақ ауылының ЖОББМ-нің Орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Батабекова Г.Ж.«Собачье сердце» тақырыбындағы ашық сабақпен аяқталды. 10 «а» сыныбында Гүлбахирам Жайдархановна интерактивті тақтасыз да қазіргі таңда ашық сабақ өткізілетінін дәлелдеді. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер тек қана оң пікірде болды. Сабақтың тақырыбының да қазіргі заманғы маңызды мәселелерге қатысы бар екені де айтылды. Мұғалім сабаққа қойған мақсатына толық жетті.
Ашық сабақтардан соң сабақтарды талдау кезеңі болды. Төрт сабақ бойынша мұғалімдер өз ойларын, пеікірлерін ашық түрде жеткізді. Ауданымыздың ББ әдіскері еркебұлан Сәрсенғалиұлы да өзі қатысқан сабақтарға қатысты сын-пікірін айтты. Мұғалімдер айтылған пікірлерді дұрыс қабылдап, ашық сабақтардың жоғары деңгейде өткендігін айтты.
Ынтымақ ауылының ЖОББМ-нің психологы Өнербекқызы Жанар келген мұғалімдермен «Гиперактивті балалармен өткізілетін психологиялық дене жаттығулар» атты психологиялық тренинг өткізді. Мұғалімдер белсене қатысып, жақсы эмоция алды.
Түскі астан соң Ақмол ауылының ЖОББМ-нің оқушылардың ҒЗЖ басшысы Әлім Кенжегүл Ахметқызы мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тақырыбында практикалық жұмыс жасады. Өзінің тәжірибесімен бөлісіп, мектепте ғылыми жұмыстарды жазудың қыр-сырларымен таныстырды. Сонымен қатар Матвиевская Галина Васильевна да өз тәжірибесімен бөлісті. «Мен ғылыми жобаларды қалай жасаймын» тақырыбында мастер-класс өткізді.
Семинар Ынтымақ ауылының ЖОББМ-нің тәрбие ісінің меңгеруші і ұйымдастырған Дуйсенова А. К. оқушыларының қойған концертімен аяқталды. Мектеп мұғалімдері, қызметкерлері, оқушылары және келген қонақтар жақсы бір музикалық іс-шараның да куәсі болды.
Жалпы бүгінге жоспарланған семинар жоғары деңгейде өтті. Жоспарланған іс –шаралар мақсатына жетті, тақырыптар ашылды. Қатысушылар барлығы жақсы пікір қалдырып кетті. Барлық қатысушыларға аудандық білім бөлімінен сертификаттар табысталды. Атқарылған семинардың есептері әлеуметтік желілерге салынып, есебі жазылды.