"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

М.Мәметованың туғанына 100 жыл

18.10.2022

13.10.2022 ж.күні Маншук Маметова Мектебі қабырғасында М.Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай аудандық тарихшылар семинары өтті. Семинардың мақсаты өзара тәжірибе алмасу, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерді қалыптастыру. Семинарда мектебіміздің мұғалімдері Кабельдинова Х.У., Ахамай Б., Исаева А.Д., Кабдрахманова Г.М.ашық және сыныптан тыс сабақтар көрсетті. Мәншүк ауылының Аналар кеңесі жанынан ашылған "Мәншүк" қыздар клубының жұмысы көрсетіліп, тарих пәні мұғалімдері арасында "Білімнің жаңартылған мазмұнына сай тарих сабақтарында оқушыларды адамгершілікке, патриотизмге тәрбиелеу" тақырыбында коучинг өткізіліп, мерекелік концерт ұсынылды. Семинарға Целиноград ауданының тарих пәні мұғалімдері мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Қорғанбеков Е.С. мен Ақдана Болатбекқызы қатысты. Тарихшылар тарапынан семинарға жоғары баға берілді. Қазақтың қайсар қызы, Кеңес Одағының батыры атағын иеленген Мәншүк ауылының ЖОББ мектебі ұжымы  қонақтарды жақсы қарсы алып, керемет ұйымшылдық танытты. Семинарда Мәншүк апамыздың өмірі мен ерлігі жайлы бейнероликтер көрсетілді. Орал қаласындағы Мәншүк Мәметованың мемориалдық музейін 40 жылдан астам басқарған Бектенова Светлана Саржанқызының бейне құттықтауы, музейден берілген баяндамасы тыңдалды. Мектеп мұғалімдері өз тәжірибесімен бөліскен, оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, жан - жақты бағытты қамтыған семинар аудан тарихшыларына пайдалы болды деген сенімдеміз.

Мәншүк апамыздың есімі әрқашан патриотизмнің символы болып, оның ерлігі  ешқашан ұмытылмасын, болашақ жастарымызға үлгі болсын!  Көк туымыз әрқашан желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Просмотров: 686


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст