CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
1 – қыркүйек «Білім күні» Целиноград ауданында жиырма бір мыңнан аса оқушыларымызға алғашқы қоңырау соғылды.
Оқушыларымызды құттықтау үшін ауданымыздың мектептеріне арнайы қонақтар келді. Қоянды ауылы орта мектебіне - Премьер – Министрдің орынбасары Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы, Ақмол ауылы № 5 орта мектебіне - сыртқы істер Министрі – Атамкулов Бейбіт Бәкірұлы, Қызылсуат ауылы орта мектебіне - ақпарат және қоғамдық даму Министрі Абаев Даурен Асқарбекұлы, Қызылжар ауылы орта мектебіне - ішкі істер Министрі Тургумбаев Ерлан Заманбекұлы, Қабанбай батыр ауылы № 41 орта мектебіне - денсаулық Министрі Биртанов Елжан Амантайұлы, Қосшы ауылы № 2 орта мектебіне - қорғаныс Министрі Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы, Ы.Алтынсарин ауылы ауылы орта мектебіне ауыл шаруашылығы Министрі - Омаров Сапархан Кесикбайұлыкеліп, бүлдіршіндерімізге жаңа оқу жылына арналған жылы лебіздерін білдірді.
Іс – шара "Саналы ұрпақ- жарқын болашақ" сынып сағаттарымен жалғасты.