CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
2019 жылдың 4 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес «Целиноград ауданында инклюзивті білім беруді дамыту» және «Аутистік бұзылуы бар балалармен жұмыстың жаңа тәсілдері» тақырыбында аудандық білім бөлімімен №11 Педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің бірлескен жұмысы барысында, облыстық Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кеңеске білім беру ұйымдарының инклюзивтік тәжірибесін енгізу бойынша тірек балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер,ППТК және ПМПК меңгерушілері, сондай-ақ аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Үйлестіру кеңесін әкім орынбасары Айткужинова Алма Көкішқызы ашты.
Практикалық бөлімде «Әсем-Ай» тірек балабақшасы және «Жұлдыз», «Балауса» балабақшалары инклюзивті бағытта, №11 Педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті және Қабанбай батыр ауылы №41 орта мектептің мұғалімдері «Аутизм диагнозы бар балалармен жұмыс жасаудың тәсілдері» тақырыбында тренинг, мастеркласстар көрсетті.
Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдар кандидаты - Ибраев Марат Өмірбайұлы тірек мектептермен балабақшаларда инклюзивті білімді дамыту барысындағы мониторингін жүргізу бойынша мәлімет берді.
Білім бөлімінің әдіскері Жанкалова Рахила Ибодулоевна және ППТК №11-нің меңгерушісі Сапарова Ақбота Әбдіразаққызы аудан бойынша жасалған жұмыстар туралы баяндама оқыды.
Үйлестіру кеңесі қатысушы делегацияларға «АЛЖИР» мемориалды-мұражайына экскурсиясымен аяқталды.