"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жанбыр балалары

02.04.2019

Олай болуының себебі неде ?

"Аутизм-бұл бас миының дамуының бұзылуы салдарынан пайда болатын және әлеуметтік өзара қарым -қатынастың  жан-жақты тапшылығымен қызығушылықтарының  бұзылуы. Аутизмің кейбір жеңіл белгілеріде  аутистік спектрдің бұзылуына жатады. Мұндай бұзушылықтарды тудыратын себептер бойынша нақты себеп жоқ . Қазіргі таңда, аутизм гендік-тұқым қуаламайды деп нық сеніммен  айтуға болады. Алайда, тұқым қуалаушылық факторын мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ, аутизмнің өсуін және дамудың әртүрлі бұзылуын экологиялық жағдаймен, адамзат пайдаланатын тағамның саны мен сапасының өзгеруімен байланыстыратын зерттеулер де аз емес. Аутизм және аутистік бұзылуларға бір ғана нақты  себеп жоқ. Бұл- бүкіл ағзаның (ми ғана емес) және оның өзгеріске енген әртүрлі функцияларынің бұзылыстары. Бүгінгі күні елімізде аутизм және аутистік бұзылулар кіші жастан  5 жасқа дейінгі балалар кездеседі. Алайда, аутистік белгілер мектепп жасындағы балаларда да кездесуі мүмкін. Әдетте, кез келген стандартты емес мінез-құлық аутистік спектр болып табылады.

Оларды түсінуді үйреніңіз.

Бүгінгі таңда аутизмді жеңуге болады деген ұғым бар.  Тек бұл балалар – басқалардан ерекше. Басқаша ойлап, әлемді басқаша көреді, ақпаратты басқаша қабылдайды. Аутизм-бұл ауру емес, ол- дамудың бұзылуы. Аутизмі бар адам қоршаған әлемді басқаша қабылдайды, бірақ оның өзі ол балаларға көптеген қиындықтарға соқтырады. Аутизм диагнозы бар балаларды басқа балалар қызықтырмайды деп санауға болады.  Іс жүзінде оларға қарым-қатынас жетіспейді, алайда, олар өзара іс-қимылды қалай жолға қоюға болатының білмейді. Бұл аутизмдегі ең қайғылы тапшылықтардың бірі. Мысалы, мұндай бала қарым-қатынас жасағысы келсе, басқа балаларды итеріп, соғып жіберуі мүмкін немесе баланың алдында секірп,күліп өзін қызықтырған баламен ойнағысы келеді. Ол балаларға үлкендер тарапынан сабырлылық пен қажырлы еңбек қажет етеді.

Неден секем алуға болады?

Әдетте аутизм белгілері 3 жасқа дейін белгілі болады. Аутизм ең көп тараған белгілері: баланың кез-келген дыбысқа жайсыздық танытуы, өз әлемінде өмір сүруі, өзге тарапынан қойылған сұраққа , әрекетке бейғам қарауы, шақырылғанда қарамауы, тойғанын,аш қалғанын байқамауы, анасын іөдеп жыламауы. Осының барлығы да аутизм белгілері болып табылады.

Ата-аналарға не істеу керек?

Аутизм-үкім емес. Ең алдымен өзін-өзі қолға ала білуі,ол мәселеге көз жұма қарамауы ,«Бала өсе келе түзеледі», «Әр бала әртүрлі дамиды» деген үмітпен уақыт өткізіп алмау керек. Ол мәселені өз уақытында анықтап,мойындап , оны шешу керек екендігін түсініп және әрбір текке өткен уақыт  сіздің балаңызға қарсы екендігін ұғынған жөн. Өз уақытында көрсетілген  ем баланыздың өзін-өзі бақылауға алуына мүмкіндік береді.

Просмотров: 1363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст