"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі 

Әлеуметтік желілер

 

CALL-ЦЕНТР   

Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.

8 (716 51) 30 534

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуы үшін арнайы жағдай жасау"атты аудандық семинар өтті.

01.03.2019

28.02.2019 ж Целиноград ауданының "Білім бөлімі" ММ –мен "№11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ бірлесіп  түзету кабинеті базасында логопедтер, дефектологтар, мектеп психологтары, балабақшалар арасында тәжірибе алмасу мақсатында "Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алуына арнайы жағдай жасау" атты аудандық семинар өткізді. Семинарға 30 адам қатысты. Бағдарлама бойынша 15 адам ашық сабақ көрсетті. Алдын ала жоспар жасалып, семинар бағдарламасы жасалды. ППТК меңгерушісі мұғалімдерді күн тәртібімен таныстырды.  Өткен 2015-2019 жылдардағы түзету кабинетінің жұмыс қорытындысы шығарылды. Ол осы іс-шараның мұғалімдер үшін жоғары рөлін атап өтті, өйткені осындай тәжірибе алмасу және жаңаша оқыту әрбір педагогтың тәжірибесін жандандыруға ықпал етеді. Семинарда арнайы білім берудің озық педагогтары өздерінің педагогикалық тәжірибесін семинарға қатысушылар арасында таратып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде өз ұсыныстарын берді. Іс-шара соңында қатысушылар түзету сабақтарын өткізу ерекшеліктерін талқылауға мүмкіндік алды.

Целиноград ауданы білім беру бөлімінің инклюзивті білім беру бойынша әдіскері Р. Жанкалова семинарға қатысушылардың барлығына алғысын білдіріп, Целиноград ауданы білім беру бөлімінің басшысы К. Е. Ахметов атынан ашық сабақтар өткізген мамандарға алғыс хаттарды табыс етті.

 

Просмотров: 675


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст