CALL-ЦЕНТР
Қашықтықтан оқыту кезінде Целиноград ауданының білім бөлімінде әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру үшін Call орталығы іске қосылды.
8 (716 51) 30 534
«Бүгінгі жас ұрпақ -ертеңгі ел қорғаны» атты әскери- патриоттық семинардың есебі
Мақсаты: Болашақ ұрпақты әскери-патриоттық, ерлік сабақтарын көрсету арқылы табандылыққа, қайсарлыққа баулу және әріптесіміз Кайралапов Сабитбек Шорманғалиұлының шәкірт тәрбиелеуде сіңірген еңбегіне, тағзым етіп, еске алу.
Мектебімізде 22 ақпан күні «Бүгінгі жас ұрпақ- ертеңгі ел қорғаны» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.Жас ұрпақты отансүйер, рухы мықты, қайсар,табанды етіп тәрбиелеу мақсатында ерлік сабақтары жүргізілді.Алғашқы әскери дайындық технологиялық пәнінің мұғалімі Бахитжанов Расхан Дүйсенбаевич ерлік сабағын көрсетті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы «Мәңгілік ел» идеясы Ауған соғысының Кеңес жерінен шығарылғанына 33 жыл, мектебіміздің аға ұстазы Кайралапов Сабитбек Шорманғалиұлын еске алу.
Ауқымды іс-шараға аудан мектептерінен ұстаздар келді. Аудандық әдіскер Қорғанбаев Еркебұлан Сарсенғалиұлы қатысты.
Джантасова Айнур Калкашевна 7«А» сыныбында «Қалдырған ізің мәңгілік...» тақырыбында ашық тәрбие сағатын жоғары деңгейде өткізіп шықты. Даланың дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннен бастап, бүгінгі күнге дейін (қызмет етіп келген) арамыздан кеткен, Кайралапов Сабитбек Шорманғалиұлы ұстаздық етіп, шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, үздіксіз қызмет еткен ұстаз жайлы естеліктер айтылды.
«Память – лучшая награда!» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі
Рустемова Гулден Алпысовна 7 «Б» сыныбында Ауған соғысында қаза тапқан адамдарға тағзым етіп, оқушының бойына ерлік,күш- жігер қасиеттерін дарыта білді. «Адамгершілік- рухани тәрбие негізі» тақырыбында Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері арқылы өскелең ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу сахна саңлақтары «Отырардың күйреуі» дастанын көпшілікке көрсетті. Келген қонақтар риза болысты. Іс-шараны жүргізген тәжірибелі ұстаз Айдарбекова Айгүл Бахирқызы.
Сабақта Б.Момышұлының «Соғыс тактикасы» тақырыбында баяндама оқылып, балалар Б.Момышұлының қанатты сөздерін жатқа айтып,мән- мағынасын аша білді.Сабақ соңы Б.Момышұлының баласына айтқан өсиет сөздермен аяқталды. Көрермендер дән риза болып, тарасты.
Семинардың соңында концерттік бағдарлама қойылды. Мектеп түлектері келіп, патриоттық ән шырқады.Ұстаздар, қонақтар көтеріңкі көңіл- күймен, алғыстарын жаудырып, тарасты.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ермуханбетов С.К